Билл Гейтс: Келесі толқын COVID-19-дан 10 есе қауіпті болады

7017
Adyrna.kz Telegram

Майкрософт компаниясының негізін қалаушы, миллиардер және филантроп Билл Гейтс әлем пандемияның келесі толқынына дайын емес деп санайды. Оның айтуынша, ол COVID-19-дан он есе қауіпті болуы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» «Риа Новостиге» сілтеме жасап.

"Екі жылдан кейін жағдай басқаша болады деп үміттенемін. Вакциналар, тесттер, дәрі — дәрмектер, эпидемиология, мониторинг көмегімен көп нәрсені жасауға болады", - деді кәсіпкер Германияның Süddeutsche Zeitung басылымына берген сұхбатында.

Гейтстің пікірінше, коронавирус жер сілкінісі, торнадо немесе климаттың өзгеруімен бірдей дәрежеде күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналған.

"Үкіметтің міндеті – азаматтарды осы оқиғалардан қорғау. Егер дайындық біршама жақсы болса, осы пандемия кезінде үлкен айырмашылық сезілетін еді", — деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер