«Аяқ-қолдың сырқырауы күшейді»: Вакцина салдырған Шыңғыс Мұқан әсерімен бөлісті

3207
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ол Instagram желісіндегі ресми парақшасында өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаныма бір тәулік болды. Кеше күні бойы еш әсерін сезген жоқпын. Кешке үйге келген соң аяғым білінер-білінбес сырқырай бастады. Әдетте аяқтан суық өтіп кетсе немесе жүгірген күні кешке аздап сырқырайтыны бар еді. Көп мән бермедім.

Жатар кезде тұмаумен ауырар алдындағы сезім пайда болды. Аяқ-қолдың сырқырауы күшейді, бірақ адам төзетін деңгейде, қызуым аздап көтерілді. Кәдімгі тұмаудың симптомы. Сөйтіп жатқанда ұйықтап кеттім. Таңертең тұрғанда құлан-таза айығыппын. Кешегі симптомның ізі де жоқ. Тұра салып кеше салдырған адамдардан сұрасам, оларда да менікіндей симптом болыпты.

Коронавирус жұқтырған адамдар бірнеше күн аяқ-қолы сырқырап, қатты қиналғанын білемін. Вакцина да вирусты саналы түрде белгілі бір мөлшерде, яғни адам ағзасы көтеретіндей деңгейде ағзаға жұқтыру. Кеше түнде менің ағзам да коронавируспен күресіп үйренді, коронавирусты танитын болды. 21 күннен кейін тағы бір рет вакциналанам. Сосын маған коронавирус жұқпайтын болады. Қорқатын ешнәрсе жоқ, мүмкін болса, вакциналанған жөн»,-деді әкім орынбасары.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер