Тоқаев жаңа тағайындаулар жасады

1872
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін; Жеңіс Фарахатұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қызметін; Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқаратын болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер