Елордада екі мыңнан астам адам ұтыс ойынның кезегіне жиналған

2515
Adyrna.kz Telegram

Елордада гүл дүкені ашылды. Сорақысы, дүкен ұйымдастырған ұтыс ойынына жиналған халықта есеп жоқ. Қалада кептеліс орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Екі мыңнан астам адам жиналған іс шара барысын Есіл аудандық әкімдігі мен полициясынан құралған мамандандырылған топ тексеріс жүргізіп, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзғанын анықтады.

«Үйлестіру орталығының ақпараты (шұғыл хабарлама) негізінде Есіл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында заң бұзушылық фактісі расталып, кәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республиканың Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қолдану үшін 8 ақпанда кеңсеге келуге шақыру қағазы тапсырылды», – деді қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері.

Қазіргі таңда халықтың жаппай жиналуына түрткі болған дүкен басшылығы полиция бөліміне жеткізілді.

Пікірлер