Наурыз мейрамын «Президент көжесі» іс-шарасымен өткізейік!

1976
Adyrna.kz Telegram

Құрметті жамағат! Наурыз мейрамында «Президент көжесі» іс-шарасын өткізу және халықаралық «Наурыз мейрамын» ұлықтау үшін бір ай бойы ұлттық киім кию, ұлттық спорт ойын сауық өткізу үрдісін дәстүрге айналдырайық!

Адамның ұлттық санасын, адамгершілік асыл қасиеттерін қалыптастыратын күш оның тілінде, өнер-мәдениетінде, салт-дәстүрінде және ұлттық тағамдарында жасырылған. Ұлттық генетикалық кодтың кілті болып табылатын бұл төрт өлшем – елдің экономикалық өркениеттілігі, мемлекеттің құзреттілігі, ұлттық және ұлтаралық мүдденің темір қазығы болып табылады...

Көшпенділер өркениетіндегі бүтін адамзат қоғамына ортақ құндылықтардың бірі
«Наурыз мейрамы» 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 64 қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз» күні болып аталып келеді. Бұған «Kult.fora» Рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтар» ҚҰ мұрындық боды. Бұл әлем халықтары назарын аударған бірегей құндылық болып танылды. Себебі, таяу жылдарда жаңа жыл мейрамы тарихи атауымен уақыт межесіне қайта оралау ықтималдығы артып келе жатқанын әлем елдері сезініп отыр. Наурыз мейрамының мәнін ашып мағынасын келтіретін маңызды іс – «Наурыз көже» жасау үрдісі. Бұл ұлыстың ұлы күнінің маңызды асы, наурыз мейрамының айшықты белгісі.

Қазіргі тойланатын жаңа жыл мейрамында әлем елдерінде «Президент шыршасын» өткізетін жақсы үрдіс барын білеміз. Ал қазақ елі бірінші болып осы үрдісті наурыз мейрамында «Президент көжесі» іс-шарасымен өткізсе, онда біз жыл басы, көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыру межесін әлем елдері
«Жыл басы мейрамы» деп тануына себепші болар едік. Бұл кезі келіп, заманы жеткен тарихи құбылыс, табиғат заңдылықтарымен мінсіз үйлескен соны үрдіс және көшпенділер өркениетінің мәңгілік отырықты мәдениеті!

Құрметті отандастар! Біз жыл басы, көктем мерекесі наурыз мейрамында «Президент көжесі» іс-шарасын өткізу; және наурыз мейрамын ұлықтау үшін бір ай бойы, ұлттық нақышты киім кию, ұлттық ойын сауық,
спорт түрлерінен мәдени іс-шаралар өткізіп тұруды дәстүрге айналдырайық! Барлық қазақстандықтарды бізге қосылуға шақырамыз!

Сансызбай ӨНЕРХАН,

«Kult.fora» Рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтар» ҚҰ төрағасы,
«Кз эко марка» Табиғи тағам-табиғи емдеу инновациялық жоба жетекшісі.

Пікірлер