«Осының бәрін Тоқаевқа көрсетемін!» дейді ашынған ана (видео)

3187
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық порталы көтерген маңызды мәселе байқоңырлық басшы-қосшыларды бей-жай қалдырмапты. Байқоңырдағы ауруханада арнайы жиналыс өтті. Порталымызда таяуда ғана Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы дәрігерлердің өз ісіне салғырт қарау проблемасы туралы тұрғындардың шағымы жарияланған болатын. Міне, осы мәселеге байланысты кеше редакциямызға тағы да байқоңырлық азаматтар хабарласып, төмендегі жағдайды баяндады.

Галифа Дарбузованың айтуынша, дәрігерлер ешкімді қатыстырмай, өз арасында жиналыс өткізген. Байқоңырлық тұрғындардың негізгі шағымы жергілікті аурухана дәрігерлері науқастарға тиісті деңгейде көмек көрсетпейді. Сонымен қатар проблема бойынша шағымданғандарға ресейлік құқық қорғаушылар тарапынан «Ресей Федерациясының заңына сәйкес» деп басталатын ескерту жасалады екен. Бұл аз десеңіз, науқастарға қойылатын диагнозда көп қателік болу себебінен, тұрғындар зардап шегуде. Байқоңыр қалалық аурухана басшысынан бастап, басқа да дәрігерлерге қатысты жергілікті тұрғындардың жан айғайы тиісті органдарға жетіп, қажетті қадамдар жасалса дейді тұрғындар. Сонымен қатар егер бұл мәселе шешімін таппаса, Қ.Тоқаевқа үндеу жолдап, егер құқықтары қорғалмаса, басқа да әрекеттерге баратынын мәлімдеген байқоңырлықтардың бар үміті басқарушы билікте.

«Адырна» ұлттық порталы.  

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер