Қазақстандағы ең кедей облыс анықталды

4080
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы Қазақстандағы ең кедей облыс деп анықталды. Сарапшылар бұл аймақта халық тығыз әрі көп орналасқандығына қарамастан, оның әр 10-тұрғыны кедейлік шегінде деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы, Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың соңында Түркістан облысының халық саны 2 миллионнан асты. Бұл қазақстандықтардың жалпы санының 10,8 пайызын құрайды. Аймақ, құнарлылығы жағынан да көш бастап тұр.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысында жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 729,2 мың теңгені құрады. Бұл елдің басқа аймақтарына қарағанда ең төменгі көрсеткіш. Орташа республикалық деңгейден 70,2 пайызға төмен дейді сарапшылар.

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, елдің өзге аймақтарында жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды тіпті, кейбірінде төмендеген. Ал Түркістан облысында жұмыссыздық деңгейі өршіп, 5,3 пайызға дейін өскен.Сарапшылардың пікірінше, бұл Қазақстан үшін қолайсыз жағдайлардың бірі.

«Түркістан аймағының кедейлік деңгейі елдегі ең жоғары деңгей болып тұр. Осылайша табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың аймақтағы үлесі 11,2 пайызды құрады. Бұл Қазақстанның орташа деңгейінен 2 есеге көп (5,7 пайыз) .

Түркістан облысында кедейлік шегінде тұрған 229 мыңға жуық адам бар. Олардың басым көпшілігі аш тіпті, азықсыз. Білімге және басқа да негізгі әлеуметтік қызметтерге қол жетімділіктері шектеулі. Олар әлеуметтік кемсітушілік пен оқшауланудың шегінде көрінеді », - деп жазады сарапшылар.

Түркістан аймағында кедейлік көрсеткішінің жоғарылығы мен өмір сүру деңгейінің төмен болуына байланысты тұрғындар бұл аймақты жиі тастап кетеді. 2020 жылы облыстан 107,5 мың адам көшіп кеткен. Ал көші-қон сальдосы −19,7 мың адамды құрады. Бұл Қазақстан Республикасының өзге аймақтарымен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіш.

Түркістан облысында жұмыссыздық пен кедейлік жағдайы нашарлай түскеніне қарамастан, әкімдік халықты қолдауға аз көңіл бөлуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер