Қызғаныштан қызды аяусыз соққыға жықты: екі әйел күдікті деп танылды

4325
Adyrna.kz Telegram

Көкшетауда екі әйел қызғаныштан бір қызды ауыр соққыға жықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Полицияға 18 жастағы қыздан 15 сәуір күні кафелердің бірінде белгісіз әйелдер оған дене жарақатын салғаны туралы арыз түсті. Жауап алу барысында жәбірленуші өзінің досының туған күнін кафеде атап өткені белгілі болды, біраз уақыттан кейін белгісіз ер адамдар олармен бірге отырып, назар аудара бастады. Кейіннен жәбірленуші төменге түскенде, оны себепсіз соққыға жыққан екі әйелге тап болды», - деп хабарлады Ақмола облысы ДП баспасөз қызметі.

Полиция шабуыл жасаған әйелдердің кім екенін анықтады. Осылайша, олар қарсыластарына сабақ беру туралы шешім қабылдады. Осы факт бойынша бойынша алдын ала тергеу басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  293 бабының 2 бөлімі («Бұзақылық») бойынша іс қозғалды. Жәбірленушіге алған жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамалары тағайындалды. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер