Колумбияда өте ауқымды масштабта көтеріліс болып жатыр

4046
Adyrna.kz Telegram

Колумбияда жаппай халықтың митингісі жүріп жатыр. Ел президенті Иван Дуке көтерілісшілерді басып жаншу үшін қазір қалаларға әскер мен соғыс техникаларын кіргізуде. Көтерілісшілердің басты талабы - салық реформасындағы баптарды өзгерту, салықты төмендету, бандалық басқару жүйесін тоқтату. Осы мақсатта халық көшеге шыққан.

Ал, ел президенті Иван Дуке болса, қай жерде көтерілістің ауқымы үлкен болса, сол қалаға әскерді молынан жібереміз дегенінен қайтпай отыр. Керісінше, президент полицияға көмекке қосымша әскер жібереміз деп шешім шығарды.
Колумбиялықтар елдегі салық реформасы мен тонауға қарсы тұтас көтеріліске шығып, ел үкіметінен салық реформасы бойынша өзгерістер жасауды талап етуде. Өткен жұмада ел өкіметі салық кодексіндегі кейбір баптарға өзгерістер енгізіледі деп уәде берген болатын. Бірақ уәде орындалмаған.
Салықтың ауыртпалығынан шаршаған халық бандиттік режимді тоқтатуды талап етіп, тұтас көшеге шыққан. Қазір көтеріліс Боготе, Кали, Медельине қалаларында жалғасып, соңы әскер мен полицияның күші арқылы жаншылып жатыр.
 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер