Маңғыстауда бір жасар бала көше дәретханасына түсіп кетті

3790
Adyrna.kz Telegram

Оқиға Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында болған. Бұл туралы Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық көмек станциясында айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, бір жасар бала көшедегі дәретханаға түсіп кетті деген қоңырау 3 мамырда сағат 12:40-та түскен.
Сәбидің ата-анасы көршілерімен бірге оны өздігінен  шығарып алуға тырысты, бірақ қолдарынан келмеді.

Дәрігерлер көмекке келді. Келген жедел жәрдем бригадасы баланы дәретханадан алып шықты.

Құтқарылған нәрестенің әжесі мен анасы, сондай-ақ көршілері баланы құтқарғаны үшін дәрігерлерге алғыс айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото mangystau_103)

Пікірлер