Мина жарылып екі адам қайтыс болды

2581
Adyrna.kz Telegram

Волгоградта іздеушілер тобы Ұлы Отан соғысы кезінде қойылған минаны байқаусызда жарып жіберді. Соның салдарынан екі адам қаза тапты. Олардың бірі жасөспірім болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 12 адамнан тұратын орынборлық «Память» отряды Самофаловка ауылының маңында қазба жұмыстарын жүргізіп, соғыс кезіндегі оқ-дәріге тап болған.  Жарылыс болды. Салдарынан 59 жастағы ер адам мен 15 жастағы жасөспірім қаза тапты.

Алдын ала болжам бойынша, минаға қазба жұмыстары кезінде күрек тиіп кеткен.

Іздеушілер ресми түрде жұмыс істегені де хабарланды. Қайғылы оқиғадан кейін Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаров аймақтағы іздеу топтарының барлық жұмысын тоқтатуды бұйырды.

"Адырна" ұлттық порталы

(Фото: moigeroi.ru)

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер