Елордада вакцина туралы ашық аспан астындағы театр қойылымы болды

3267
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетімен күресте карантин талаптарын сақтау мен вакцина алудың маңыздылығын насихаттаған ашық аспан асты қойылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана мюзикл» театрының әртістері ұсынған көрсетілімде «COVID-19» індетінің алдын алу және онымен күресте тиісті талаптардың сақталу керектігі насихатталды. Далада өткен хореографиялық қойылымды елорда жұртшылығы тегін тамашалай алды. Және оған 15-тен астам адам қатысты.

«Әлем болып күресіп жатқан коронавирус дертінің адамзат өміріне алып келген өзгерісі баршамызға айтпай-ақ түсінікті. Вирустың тарау салдарынан қаншама адам өмірден озды. Аурудан қорғану мақсатында бұрын болмаған каратиндік шектеулер енгізілді, сондай-ақ, вакцина алуда маңызды болып отыр. «COVID-19» қойылымын өткен жылдың тамыз айында қолға алып, биыл ақпан айында театрымызда алғаш рет көпшілікке ұсындық. Қойылымның мән-мазмұны мен тарихы тікелей өмірден алынған және бұл біздің ұжымның дебюттық шығарылымы. Бүгінгі қатысушылар әртістер ғана емес, сонымен қатар осы қойылымның авторлары болып саналады.Тағы бір айтып өтетін жайт бүгін біз қойылымның үзіндісін (15-20 минут) ғана ұсынып отырмыз, ал толықтай көрермен театрымыздан келіп көре алады» - деді «Астана мюзикл» театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин.

Оның айтуынша, қойылымның көздеген мақсаты – айтулы аурудан аулақ болу жолында халықтың назарын аудару.

Әлеуметтік маңызға ие шығармашылық қойылымның толық нұсқасын астаналықтардың 21-22 мамыр күндері «Qazagstan» орталық концерт залында ташалау мүмкіндігі бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер