Мыс балқыту зауытында өрт шықты

3975
Adyrna.kz Telegram

Жезқазғанда мыс балқыту зауыты цехындағы 100 шаршы метр алаңда трансформатордың  бөліктері мен майлары жанған деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Таңғы сағат 8.53-те Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған мыс балқыту зауытынан өрт шыққаны туралы хабарлама Төтенше жағдайлар қызметіне келіп түскен.

Зауыттың балқыту цехындағы трансформатордың жанатын бөліктері мен майлары өртке оранған. Тілсіз жау шарпыған аумақ шамамен 100 шаршы метр алаңды құрап отыр. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта  балқыту цехында өндіріс уақытша тоқтатылған.

«Өртті сөндіруге Қарағанды облысы төтенше жағдай департаменті 26 адам және 7 техника, сондай - ақ «Серіктес» мекемесінің 13 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды»,– деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

                                                                                                                              "Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер