Лихтенштейн. Бұл елде байлардың қаражаты халыққа қызмет етеді

3908
Adyrna.kz Telegram

Лихтенштейн - Еуропадағы карлик мемлекет

Ауданы 160 кв.км. Княздық - конституциялық ел. Бір ғажабы- тау ішіндені алақандай ғана, бірақ өндірісі мен ауыл шаруашылығы өте жақсы дамыған мемлекет. Ғарыш кемесінің сыртқы қабатын жасаған инженер - осы елдің азаматы. Ең қызығы сол - Лихтенштейн ақымақ, есер байлардың ақшасын еркін пайдаланады, яғни бұл мемлекетті кез келген адам тура 24 сағатқа жалға алып, басқара алады және мұнда офшор көп жинақталған. Несі бар, есесіне, мемлекеттің халқы ең бай саналады; мемлекет басқа елдерге қарыз емес; қылмыс жоқ; мемлекетте 2 полиция ғана бар, себебі олар істейтін жұмыс жоқ; түрмеде 4-ақ адам отыр; үйлерінің есіктері ашық тұрады; айқайлауға және шулауға тиым салынған, себебі өзгенің жеке меншігі мен тыныштығын құрметтеу мәдениеті заңмен қорғалған.

Өндіріс пен жеке кәсіп дамып, шет ел инвестициясы ағылып жатқан мемлекетте жұмыс күші жетпейді. Лихтенштейнде әр өндіріс иесі жекеленген адамдарды қамқорына алуға міндеттеледі. Ел, мемлекет, мемлекет басшысының үздік үлгісі- Лихтенштейн мен оның князі Ханс- Адам ІІ. Адам десе адам.

 

Жұлдызай БАДАНОВА,

тәуелсіз сарапшы

Пікірлер