Коронавирус туризмға қалай әсер етті?

2504
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

 «Коронавирус». 2019  жылдың күзінде пайда болған бұл індеттің дүйім елдің қай саласына болмасын кері әсерін тигізгені анық. Әсіресе, қызмет көрсету саласына. Карантин салдарынан туризм, сұлулық салоны , бизнес сынды қызмет көрсету салалары шығынға ұшырады. Туризм -  ел экономикасы үшін өте маңызды. Ол әлеуметтік-экономикалық жағынан алға қарай ілгерілеудің негізгі күші десек те болады. Соңғы онжылдықта туризм ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болды. Әлемдік деңгейде туризм индустриясы 8,9  триллион көлемінде үлес қосты.

Алайда   COVID – 19 пандемия жағдайында бұл өсім 2020  жылы тоқтатылды. Бұл індет тоқтау үшін қауіпсіздік шараларын енгізу керек болды, соның ішінде:  ел шекаралардын жабу, туризм және саяхатқа тыйым салу, әуежайлардың жабылуы, рейстердің тоқтатылуы.

COVID-19 таралуын шектеу үшін дүниежүзінің 200-ден астам елдері мен аумақтары туристердің өз шекараларына кіруіне шектеу қоятын немесе тыйым салатын шаралар қабылдады. Сонымен қатар тарихта бұрын-соңды халықаралық саяхатқа мұндай шектеу қойылмаған, - делінген БҰҰ-ның Дүниежүзілік туризм ұйымының алдынғы жылы жариялаған есебінде.

Вирустың тұтанған жері – Қытай. Сол үшінде де бұл ел бірінші болып карантиндік шаралар енгізіп , азаматтардың жүріп-тұруын шектеді. Қызықты факт: әлем бойынша ең белсенді туристер – Қытай халқының азаматтары екен. Эпидемияның таралуын бәсеңдету үшін көптеген елдер Қытай азаматтарына кіруге тыйым салды. Содан кейін туристік нарық дағдарыстың күйзелістерін алғаш рет сезінді.

Дегенмен, қазір туризм саласының беті бері қарап келеді. Болашаққа артар сеніміміз мен үмітіміз мол! Осындай қиын-қыстау заманда өздеріңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!

Мөлдір Кусаин

 

 

 

Пікірлер