Шымкентте алаяқ тұрғынның 100 млн теңге тұратын үйін сатып жіберген

2083
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте ірі көлемде несие шығарып беремін деп тұрғынның 100 млн теңге тұратын үйін сатып, алдап кеткен алаяқ ұсталды,  деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«2021 жылдың 10 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің Б.есімді танысы ірі көлемде несие шығарып беремін деп алдап, өзіне тиесілі құны 100 000 000 теңге тұратын үйін несие шығарып бермей, үшінші тұлғаға рәсімдеп жібергенін жазып көрсеткен»,– делінген хабарламада.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер