Р.ӘШЕТАЕВ: Шымкентте шахматтан дүбірлі дода өтті

2668
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте ерекше той өтті!

Шымкенттен шығатын республикалық "Темірқазық Ой" газетінің ұжымы, өздерінің ашылғандарына 10 жыл толған айтулы даталарын ерекше атап өтуді жөн көріпті.
Газеттің бас редакторы Анар Сүлеева ханымның ұйымдастыруымен, журналисттер мен блогерлер, қоғам қызметкерлері мен оқырмандар арасында бильярд пен шахматтан халқаралық ашық турнир өткізілді.

Алғашы күні Қырғызстан мен Тараз, Түркістан обл және Шымкент қалаларынан келген азаматтар арасынан 8 команда жасақталып "Динамикалық Пирамида" ережесімен билярдтан командалық жарысқа түссе,
келесі күні шахматтан жекелей сында бақтарын сынады.

Бас редактор Анар Сүлеева ханым газет ұжымының осылай тойлаудағы ниеттерін "Біздер үнемі қоғамның ортасында жүргендіктен әрбір мемлекеттік, қоғамдық бастамалардың артық-кемшіл тұстарын ескеріп жүреміз.
Мысалы: "Салауатты өмір салтын қалыптастыру" мен "Интелектуалды ұлт" деген бағдарламалар бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Қоғамды қозғаушы күш - "төртінші билік" өкілдері ретінде, осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелі жүзеге асуына өз үлесімізді қосу мақсатында мерейтойымызды ұлтқа да, өзімізге де қатар пайдалы етіп осылай тойлағанды жөн көрдік.
Әрі, Президентіміздің халқымызға ұсынып отырған негізгі бағыттарының бірі "Қоғам мен атқарушы биліктің арасын жақындату" мақсатындағы атқарып жатқан жұмыстарына өз үлесімізді қосу ниетімен, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен мәслихат депутаттарында осы турнирге шақырғанбыз. Өйткені, "Бір стол басындағы бильярд пен шахмат ойындары барлық азаматтарды өздерінің қоғамдағы статустарына қарамастан бәрінің тең дәрежедегі мүшелері екендіктерін сезіндіріп, ешқандай кедергісіз бір-бірінің эмоциялары мен балаша қуанған сәттерін көріп, бәрінің етпен-сүйектен жаралған қарапайым адамдар екенін сезіндіреді" деген терең философиядан туған ойымыз болатын.
Осылайша мәслихат депутаттары, атқарушы билік өкілдері, журналисттер мен қарапайым оқырмандар қатысқан ерекше тойымыз өтті. Тіпті, Шымкент қалалық Полиция Департаментінің басшысы генерал Ералы Джумаханбетов мырза "Біз де осы қоғамның мүшелері ретінде осындай сәттен тыс қалғанымыз жарамас" деп, бір команданы жасақтап өзі бастап келді.
Осылайша ерекше тойлаймыз деген ниетіміз орындалды. Өзге ұжымдарға да ой салса екен деген тілегіміз бар" деп түйіндеді.

Екі күнге созылған осындай ерекше тойдың силық қоры да мол болды.

Бильярд турнирінің жеңімпаздары:

Бірінші орын Мерген 1 командасы.(кір жуатын машина)
Екінші орын Тараз командасы.(телевизор)
Үшінші орын Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (асханалық комбайны)
Арнайы жүлде Мерген 2 командасы.(телевизор)
Көрермен көзайымы Кайрат Карибаев (музыкалық орталық)
Ойында жігерлілік пен табандылық танытқаны үшін Нурлан Буриев (богема жиынтығы)
Сұрмерген Оралхан Дәуіт (қабырға сағаты).
Үздік ойыншы Рүстем Есімханұлы Ашетаев (планшет).

Ашық алаңда өткен шахмат турнирінің жеңімпаздары:

1 орын Джумадиллаев Қуаныш
(смарт телевизор мен диплом кубок медаль)

2- ші орын Мақсат Балтабайұлы
(кофеварка аппарат кубок диплом медаль)

3- ші орын Түйетаев Асылбек
( музыкалық орталық (муз. центр) диплом медаль)

Арнайы Темірқазық-Ой газетінің жүлдесі tefal жиынтығын Асхат Шотаев және Отырарлық Алмас Ақылбек смарт сағат табысталды.

Сонымен қатар барлық қатысушылар арнайы алғыс хатпен марапатталды.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер