Жаз мезгілінде ағзаға қажетті дәрумендерді қайдан аламыз?

2638
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Адам организімі - өте күрделі биологиялық құбылыс. Ағзаның қыр-сырын зерттеу  үшін, ғалымдар мыңдаған жылдар жұмсаған.Түрлі вирустық аурулардың әсерінен  әлсіреген иммундық жүйені қалпына келтіруге жаз мезгілі таптырмас мүмкіндік. Бар-жоғы таң сәріде тұрып  таза ауамен тыныстау, жаттығу арқылы дене пішінді  қалыпқа келтіру, тамақтану рационына түрлі жеміс-жидектерді ас мәзіріне кіргізсеңіз болғаны. Сонда ғана қоректенген асыңыз өн бойыңызға жақсы энергия сыйлай отырып сіңеді.

Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі - қарбыз жемісі.Бұл жемістің дүниежүзінде  500-ден аса асханалық сорттары өсіріледі. Қарбыздың шырыны ерекше қош исті, балдай тәтті дәмді. Бір литр қарбыз жемісінде 60 грамм қант бар екен. Дәні мен сыртқы қабығы көбінесе халық медицинасына және косметология саласында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар  С, РР, Е, В дәрумендері мен фолий қышқылы, көп мөлшерде кальций, калий, магний, натрий, темір мен фосфорға өте бай. Бұл жеміс  атеросклероз, артрит, және қант диабеті сынды ауруларды емдеуде үлкен көмек бола алады. Қан қысымы жоғары адамдарға және цистит, простатит сынды аурулардан зардап шегетін адамдарға қарбыз шырынын жиі ішу ұсынылады. Қарбыз қанша тәтті қызарған болса, соншама зияны да бар. Қарбыздағы аса тәттілік сахарозасы қант диабетіне әкелуі әбден мүмкін. Мамандардың айтуы бойнша, қарбызды аптасына екі рет ғана жеген дұрыс.

Ерекше дәмді,хош иісті жеміс өнімінің бірі - алма. Жер шарында алма жемісінің 36 түрі белгілі. Олардың 10-12 сінің шаруашылыққа  маңызы бар. Бұл жемістің өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл екен. Сонау ескі замандарда алма жемісін тіпті безгек ауруының алдын-алу үшін жеген Алма жемісінің отаны  Қазақстан аумағы болып табылды. Алманы ас мәзірінде, үй жағдайында да көп қолданады. Бұл жемістің ерекшелігі оның құрамында болмақ. Алма құрамының 80% - ы судан, қалған талшықталған бөлігі органикалық қышқылдар мен көмірсулар алып жатыр. Жаңа піскен алма концентрациясы ең пайдалы, ең жоғарғы болып келеді. Жаңа алма жемісін тұтынған кезде, мұндай заттар ағзада зат алмасу процессі жиілейді: ішектің жұмысын жақсартады, оны токсиндерден тазартады; А, Е, В және аскорбин қышқыл витаминдердің ағзаға бөлінуі; Калий, кальций, магний, темір, мырыш, хлор, күкірт, мыс сынды  минералдардың таралуын жүзеге асырады. Адам ағзасына алманың келтірер пайдасы  тірек-қимыл жүйесі мен жүрек-қан тамыр жүйесін жақсартады. Сонымен қоса тіске, ағза сүйектеріне темірді бөледі. Алманың емдік қасиеттері де бар. Артық салмақтан арылтуға көмектеседі, асқазан гастрит аурулары кезінде, тек тәтті алма асқазандағы өрттей қышқылды басуға көмектеседі. Пайдалы астың зияныда болатыны бәрімізге мәлім. Аш қарынға алманың  зияны туралыда ерекше айта кету керек. Таң ертең аш қарынға  алма жеу іш қатуға, асқазан жарасы, холелитиаз ауруларына шалдықтырады. Алманы мөлшерден қомағайлықпен жеу жоғарғы каллорияға әкеп соқпақ. Себебі алма жемісінің 1 талында 52 кал бар.

Қызыл апельсин (грейпфурт). Грейпфрут Рут отбасының тропикалық жемістеріне жатады. Оның атауы grape (жүзім) және fruit (жеміс) деген екі ағылшын сөзінің бірігуінен пайда болған. Жемістердің  ағаштарда жиілеп шоғырлана өскендіктен жүзімнің сипатына ұқсайды. Қызыл апельсинді жеміс алғаш рет Барбадос аралында табылған. Негізгі отаны - Сицилия аралы. Мамандардың айтуынша, бұл жеміс мидың белсенділігін ынталандырады, есте сақтау мен концентрацияны жақсартады, депрессия мен апатияны жеңілдетеді, жүйке мен ұйқыны қалыпқа келтіреді дейді.

"Витаминді-минералды құрамы бойынша грейпфрут Цитрустық жемістердің басқа өкілдерінің ішіндегі ең пайдалыларының бірі болып табылады. Грейпфрут қоректік заттарға, дәрумендер мен минералдарға, эфир майларына және фитонцидтерге, антиоксиданттар мен талшықтарға бай. Грейпфрут В, А, РР, С және D тобының дәрумендеріне бай, құрамында минералдар – калий, магний, кальций және фосфор бар. Бұл цитрустың қабығы эфир майларына, ал целлюлоза талшыққа және холестеринді ыдырататын заттарда бар. Сонымен қатар, жемістің ащы қабығы антиоксиданттардың қасиеттеріне ие. Бірақ барлық пайдалы қасиеттерге қарамастан, грейпфрут барлық адамдарға  бірдей қолдана беруге болмайды. Қандай жағдайда? Кез-келген  аллергиялық реакциясы бар адамдарға, үш жасқа дейінгі балаларға жеуге болмайды. Артық салмағы бар жандарға пайдалануға болмайды. Себебі оның калория мөлшері әр түрлілігіне байланысты 100 грамм өнімге 29-дан 42 ккал-ға дейін жетеді. Қант диабетімен ауыратын науқастарға жемістерден аулақ болуға кеңес беріледі.

Қарабүлдірген  раушангүлділер тұқымдасы, рубус өсімдігңінің туысына жататын бұталардың ортақ атауы. Отаны Солтүстік Америка мен Еуропада, 400-ден астам түрі белгілі. Қарабүлдірген жемісінің құрамындағы дәрумендер артық сұйықтықты уақтылы кетіруге көмектеседі, жүрек ырғағын қалыпқа келтіреді, қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Адамның  нерв талшықтарына тыныштық әсерін сыйлайды. Қарабүлдірген жемісінің пайдасы да өте мол. Ондағы В,С витаминдері,  органикалық қышқылдар арқасында диуретикалық және холеретикалық әсері метаболизмді жақсартады. Ас қорыту жүйесіндегі асқазан ішек жұмыс процестерін жиілетеді, тәбетті жақсартады. Көбінесе қарабүлдіргенді жүктілік кезінде әйелдер мен жас балаларға  тұтынған жөн. Себебі қарабүлдірген құрамы кальцийға бай деседе болады.Бұл дененің қалыпты дамуына ықпал етеді және жүйке жүйесінің патологияларының кереғар дамуына  жол бермейді. Қанды көбейтеді,қан айналымын жақсартады.

 

Батес Мәлікқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер