Мектеп түлектері мұғалімін улаған

3438
Adyrna.kz Telegram

Ашғабадта екі мектеп түлегі мұғалімінің тамағына ыдыс жуатын сұйық сабын қосып, улаған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "centralasian.org" сайтына сілтеме жасап.

Қазір Ашғабадта Багтыярлык ауданының полиция бөлімшесі мұғалімнің улануына байланысты оқиғаны тексеріп жатыр.

Оқиға 15 маусымда мектеп бітірушілерге арналған емтихан кезінде болған. Оқушылар өздеріне азық-түлік пен Кока-Кола сусынын әкелуді бұйырған мұғалімді осылай жазаламақ болған.

Емтиханнан кейін жайылған дастарқанда тамақ ішіп отырған мұғалімнің жағдайы күрт нашарлаған. Оны бірден жедел-жәрдем алып кеткен.

Осыдан кейін мектеп басшылығын полицияға шақырған. Кейін белгілі болғандай, оқушылардың бәрі сынып жетекшісіне азық-түлік сатып алу үшін ақша жинаған. Екі ер бала ақшаны алып, дүкенге кеткен. Қазір осы екеуі күдікке ілінген. Біреуін емтиханнан шыққан соң, әскерге алып кеткен.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер