Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Менің Отаным - Қазақстан" жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слеті

1473
Adyrna.kz Telegram

2021 жылғы 9-14 маусым аралығында жастар арасында балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және дәріптеу мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасының өңірлік дене шынықтыру орталығы "Генерал Бәкіров атындағы демалыс базасы" (Алтынсарин ауданы) сауықтыру лагерінің базасында қазақ педагог - ағартушысы, жазушысы Ы.Алтынсарин 180 жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слетін өткізді.

Онлайн-слеттің негізгі міндеті-оқушыларды спорттық туризммен және спорттық бағдарлаумен айналысуға тарту және насихаттау; туристік-спорттық шеберлікті арттыру, оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу.

Слетке Қостанай облысының түкпір-түкпірінен 9 команда қатысты, олар шатырды орнату мен алуда, бағдарлауда, алғашқы медициналық көмек көрсетуде, аспалы өткелде, бөрене бойынша өткелде, тораптарды тоқуда, топознактарды анықтауда, көтеруде, траверс пен түсіруде кімнің жақсы екенін көрсету үшін қатысты.

Конкурстық бағдарламаның қорытындылары:

I орын – «Меридиан-Родник» командасы Әулиекөл ауданы;

II орын – «Алтай» командасы Сарыкөл ауданы;

III орын - Қостанай ауданының «Степная братва» командасы.

Слет қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі орындарға ие болды:

I орын – «Алтай» командасы Сарыкөл ауданы;

II орын – «Самұрық» командасы Қостанай қаласы;

III орын - Қостанай ауданының «Степная братва» командасы.

Пікірлер