Қазақстан шахматшысы АҚШ гроссмейстерін жеңіп сенсация жасады

628

Шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, халықаралық гроссмейстер Ринат Жұмабаев әлем вице-чемпионы, АҚШ гроссмейстері Фабиано Каруананы жеңіп, сенсация жасады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Ол Сочиде өтіп жатқан 2021 жылғы ФИДЕ әлем кубогында жеңіске жетті.

"Бүгінгі турдағы жеңіс құраманың көшбасшысына оңай болған жоқ, себебі ол қара түсте ойнады. Алайда табанды күрес барысында стандартты емес қатынасы бар позиция пайда болды және Ринат қарсыласын жеңе алды. Кешегі турда қазақстандық гроссмейстер тең ойнады, осылайша 1.5:0.5 есебімен Ринат ФИДЕ әлем кубогының келесі кезеңіне өткен еді", - деді Қазақстан шахмат федерациясындағылар.

Федерация мәліметі бойынша, 2018 жылы Каруана үміткерлер турнирінің жеңімпазы атанып, қазіргі чемпион Магнус Карлсенмен әлем чемпионы атағы үшін ойнады.

Ринаттың келесі қарсыласы бүгін АҚШ-тан келген гроссмейстер Сэм Шенкленд пен Украинадан келген Александр Арещенко арасындағы матчте тай-брейк қорытындысы бойынша анықталады.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар