Ковидтан 475 мың адам қайтқан: Президент статисканы бұрмалады деп айыпталды

4216
Adyrna.kz Telegram

Бразилияның сенат комитеті президент Жаир Болсонару COVID-19-дан қайтыс болғандар санын губернаторлар мен әкімдер "көбейтіп жіберді" деп жалған деректер қолданғанын анықтады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Deutsche Welle басылымының жазуынша, парламенттік топ Одақтың есеп палатасы (TCU) қызметкері Александра Маркестің мәлімдемесін қабылдаған. Ол ел президентіне жолданған негізгі "құжаттың" авторы екенін мойындады.

"Құжатты қолына алған соң, Жаир Болсонару маусымда Бразилияда COVID-19-дан қайтыс болғандар кем дегенде 50 пайызға азайды деп мәлімдеді. Ол бұл құжатқа тексеруші органның ресми құжаты сияқты сілтеме жасаған", - деді Маркес.

Сенат комиссиясы жетекшісінің айтуынша, президент бұл мәлімдемені 2020 жылдың маусымында, елде коронавирустан 475 мыңнан аса адам қайтыс болған кезде жасаған. Ал, әкімдер мен губернаторларды бұл мәліметті мемлекеттен қаржы алу үшін көбейтіп айтты деп айыптаған.

Маркестің айтуынша, президент хабарлама топтарында таратқан "құжатқа" TCU логотипі қосылған. Алайда ол президентке жіберген негізгі "құжатта" жоқ болған.

Сенатор Рандольф Родригес, комиссияның вице-президенті TCU логотипін "оны ресми ету үшін" енгізу жалған ақпарат таратудан гөрі маңызды болуы мүмкін деді.

Бұған дейін Бразилия Жоғарғы соты президент Жаира Болсонарудың пандемия жағдайындағы әрекеттері бойынша тергеуді бастауды мақұлдаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер