Тәулік ішінде 120 адам індеттен қайтыс болды

2853
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 120 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство мәліметінше, 97 науқас коронавирус инфекциясынан, 23 адам пневмониядан қайтыс болған. Қайтыс болғандар Алматы (23), Шымкент (13), Ақмола облысы (11) және Нұр-Сұлтан (11) мен Қарағандыда (10) көп тіркелді.

Сондай-ақ Алматы инфекция анықталғандар саны бойынша да алғашқы қатарда тұр. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 5 631 жағдай тіркелсе, соның 1 505-і Алматыда анықталған.

24 тамыздағы мәлімет бойынша, 123 226 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 28 577 пациент стационарда, 94 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастар арасында 1 824 адамның жағдайы ауыр, 555 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 267 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пікірлер