Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болмақ

3288
Adyrna.kz Telegram

Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова, енді мектептер балаларға домбыра тартуды үйрететін болады дейді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ол мұндай пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу керектігін атап өтті. Қазір оқу бағдарламасы сыналуда, содан кейін ол барлық білім беру ұйымдарына жіберіледі.

"Ұлттық құндылықтар өте маңызды. Біз өз Отанымызды жай ғана сүйіп қана қоймай, оған берілген, өз халқы мен отанының идеяларын, құндылықтарын насихаттайтын адам ретінде, ұлтымызды қалыптастыруға тиіспіз. Бірақ бұл әркім бұл пәнді тезірек үйренуі қажет дегенді білдірмейді. Барлығы мектептің дайындығы мен ресурстарына байланысты болады", - деді Алмагүл Мұхамедханова елордадағы білім беру жөніндегі тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, бұл әсіресе қазақ тілінде оқытылатын сыныптарға қатысты.

Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов мектеп оқушыларының жаңа оқу жылында қалай оқитынын айтқан болатын. Оның айтуынша, барлық білім беру ұйымдары Ашыққа қосылған, ал мұғалімдер екпе алады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер