Алматылық азамат интимдік фотосуреттер мен бейнелерді әлеуметтік желіге жариялаймын деп әйелді бопсалаған

3250
Adyrna.kz Telegram

Алматыда "Шаңырақ" ықшам ауданының 40 жасар тұрғыны 12 миллион теңгеге бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Полицияға 23 жастағы азаматша Н. жүгінді, ол анасының танысы әлеуметтік желіге интимдік сипаттағы фото мен видеоларды жариялаймын деп қорқытып, бопсалау арқылы 12 млн теңге талап еткен.
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматы криминалдық полиция департаментінің бастығы Қуатбек Науатовтың айтуынша, бұл факт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194б. (бопсалау) сәйкес келіп отыр.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұл заңсыз әрекеттердің нәтижесінде танысынан сұралған соманың бір бөлігін алуға қол жеткізгенін мойындады. Тергеу жалғасуда, - деп түсіндірді ол.

Криминалдық полицияның мәліметінше, бұрын ер адам бөтен біреудің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер