Арандының ақындары

3203
Adyrna.kz Telegram

(Суретсөз)

«Екейде елу бақсы, сексен ақын» дегендей, Қазалы өңіріндегі бір ғана Қожабақы ауылының төңірегінен жетпіс үш ақын шығыпты. Аранды ауылдық кеңесіне қарасты елді мекендерде өсіп-өніп, қолына қалам ұстағандардың ішінде күллі жұртқа танымал халық ақындары да, Жазушылар одағының мүшелігіне өткен кәсіби шайырлар да, өлеңнен өзін іздеген жас талапкерлер де бар. Арандының арынды ақындары ғана емес, атақты адамдары туралы да мол мәлімет жинап, бір жинаққа топтастырып, ел шежіресіне қанықтырған ғалым қарындасымыз Сараш Қоңырбаеваның еңбегі ерекше.

Аранды ақындары дегенде еске түсетін елеулі жігіттер – белгілі ғалым, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әлеуетті әдебиеттанушы Амантай Шәріп пен жүйрік журналист, өрелі өлкетанушы Нұрперзент Домбай. Екеуінің де өмірбаянының өлеңмен өрілген тұстары жеткілікті. Бұл сурет осыдан төрт-бес жыл бұрын Қызылордада түсірілген.

Арандының бұлардан басқа жетпіс бір шайыры да осал емес... Солардың бүгінгі ұрпақтарымен және ел жақта тұрақтап қалған ақындармен сөз сайыстырамын десеңіз, Қожабақыға келіңіз!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер