Гандболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында "қола" медаль иеленді

3365
Adyrna.kz Telegram

Иорданияда гандболдан әйелдер арасындағы 18 -ші Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” сайты.

Қазақстан өкілдері алты ойыннан кейін ақыр соңында үшінші орынды иеленді.

Айта кету керек, қазақ қыздары «А» кіші тобынан екінші орынмен шығып, жартылай финалда жапондық әйелдерге есе жіберді.

Ал үшінші орын үшін матчта Қазақстанның гандболшылары Иран құрамасынан басым түсті - 38:33.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер