Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жүлдегерлері анықталды

2495
Adyrna.kz Telegram

Елордада екінші рет ұйымдастырылған Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жүлдегерлері анықталып, марапатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Қысқа ғұмырында ұлттық журналистиканың дамуына өлшеусіз үлес қосқан Бейсен Құранбектің есімі қандай құрметке де лайық. Сондықтан оның жарқын бейнесін есте сақтау және журналистикадағы жолы жастарға үлгі болсын деген ниетпен былтырдан бастап осындай байқауды қолға алдық. Бұл конкурсқа қатысып, оның жүлдесін жеңіп алу – кім-кімге де үлкен мақтаныш, биік жетістік деп білемін. Әсіресе журналистикадағы жас буынға жігер беретін, өнеге болатын үлгілі жол, -  дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Сондай-ақ министр Бейсен Құранбектің еліміздегі әлеуметтік журналистиканы қалыптастырып, дамуына көп еңбек сіңіргеніне тоқталып, биылғы байқау – «Әлеуметтік тақырыптағы үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша өткендігін атап өтті.

- Байқауға республикалық және аймақтық телеарналардан 100-ге жуық өтініш түсті. Соның ішінде, ірі республикалық телеарналармен қатар, «Жетісу», «Түркістан», «Aqtobe», «Caspian News» сияқты өңірлік өңірлік телеарналарының журналистері де қатысты. Кәсіби мамандардан құралған әділ-қазылар алқасы өз шешімін шығарды. Барлық номинаттарды жеңіп алған жүлдегерлерімен шын жүректен құттықтаймын,- деп жазды Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздары:

І орын Jetisy телеарнасының редакторы Сәния Байтарова

ІІ орын Aqtobe телеарнасының редакторы Ерлан Мұқанов

ІІІ орын «Qazsport» телеарнасының редакторы Индира Бектенова

Айта кетейік, бүгін басталған AMW-2021 барысында халықаралық медиақауымдастық мүшелері ақпараттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін көтерді. Іс-шараға әлемдік БАҚ-тың топ-менеджерлері, мемлекеттік аппарат өкілдері, танымал журналистер, документалистер және АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан блогерлері қатысып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер