Ашраф Ғани қазақстандық лайнермен қашқан

2845
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанның бұрынғы Президенті Ашраф Ғани тамызда Өзбекстан аумағы арқылы елден қашып, БАӘ-ге қазақстандық әуе компаниясының лайнерімен ұшып кеткен деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

"Кабулдан Ғанимен бірге қашқан адамдардың қатарында болдым" деген азамат 15 тамызда елден қашу үшін Президент сарайының аумағында арнайы төтенше жағдай үшін тұрған бірнеше тікұшақ тартылғанын айтты.

"Өзбекстандағы Термезге қонған төрт тікұшақтағы 54 адамның 22-сі — ұшқыш, екінші ұшқыш және ВВС технигі, ал 22-сі — Президенттің күзетшісі болды, олардың ешқайсының төлқұжаты жоқ", - деді ол.

Өзбекстанда Ғани мен оның айналасындағылар бір тәуліктен аса уақыт болған. Осы кезде оны Өзбекстанның 200 әскери қызметкері қорғағаны хабарланды. Басылым дереккөзінің мәліметінше, олар елге келген ауғандардың "әр қимылын" бақылап отырған және тіпті оларға "бір-бірімен сөйлесуге" рұқсат бермеген.

Күндіз 16 тамызда экс-президент пен оның адамдары шағын ұшаққа отырған. Дереккөздің сөзінше, Flightradar порталының мәліметі бойынша, лайнер қазақстандық авиакомпанияға тиесілі болған. Ақпарат бойынша ұшақ 3,5 сағаттан кейін Абу-Даби әуежайына қонып, "бірнеше араб"  Ғаниді қарсы алған.

"Ашраф Ғани әуежайдан шыққан сәттен бастап, оны да, басқаларын да көрмедім", - деді басылым сұхбатшысы.

Ол БАӘ шенеуніктері оған және Ауғанстаннан келген басқа адамдарға "бұл елде оларға тұруға мүмкіндік жоқ" деп ескерткенін айтты. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер