Мешітте жойқын жарылыс: ДАИШ тәлібтерге шабуыл жасады

2973
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы Идгах мешітінің алдында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Agence France-Presse басылымы жазды. 

«Талибан» өкілі Забиулла Муджахид оқиғаның болғанын ресми түрде мойындады. Жарылыс салдарынан бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған. Kabul Newsтың хабарлауы бойынша мешіт алдында жарылыс болған сәтте мешіт ішінде Муджахидтің анасымен қоштасу рәсімі өтіп жатқан. Жарылыстан кейін мешіт маңында тәлібтер мен ДАИШ содырлары арасында атыс басталған. Атыс салдарынан қанша адам зардап шеккені жайлы нақты ақпарат жоқ.

Бір күн бұрын ДАИШ содырлары Жалалабад қаласының әкімшілігі маңында жарылыс жасап, арты атысқа ұласқан еді. ДАИШ тәлібтерді қарсылас санап, оларға қасиетті соғыс жариялаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер