Зауыт өнімдері құрылысқа қарқын берді

1439
Adyrna.kz Telegram

Шымшаһардың «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан темір-бетон бұйымдарының 120-дан астам түрлерін шығаратын зауыт бар. Өнімі жоғары сапасымен ерекшеленеді. Кәсіпорында, бүгінде күрделілігі мен геометриясы әртүрлі стандартты емес құрылыс материалдары өндіріледі. Аталмыш өнеркәсіптің тыныс-тіршілігімен әріптесім Балнұр Жұмаділла танысып қайтты.

«Әділет құрылыс LTD» серіктестігінің негізі 2011 жылдың күзінде Елбасы қолдауымен қаланған. Зауыт аумағы 7 Гектар жерді алып жатыр.  Жылдық қуаттылығы 20-25 мың куб бетон. Өндіріс ошағындағы техникалардың барлығы шетелдік. Арнайы тапсырыспен Испаниядан әкелінген.  Әрқайсысы 15 өнім түрін шығаруға қауқарлы. Бір қуанарлығы кәсіпорындағы қондырғыларда жергілікті халық жұмыс істейді.

Арман Әшіров – «Әділет құрылыс LTD» ЖШС–нің  шебері

Кәсіпорыннан 150-ге жуық адам азамат нәпақасын айырып отыр. Жұмыс уақыты 2 ауысымға бөлінген. Зауыт басшысы жұмысшыларға ыңғайлы жағдай жасаған.   Жоғары жалақы, жатын орын, уақытылы берілетін 3 мезгіл тамақ.

Шавкат Абдужалилов – зауыт операторы

Өндіріс процесі зертхананың қатаң бақылауында. Темірбетон бұйымдарының әр компоненті алдын-ала сынаудан өтеді. Осылайша, өндіріс ошағына тек жоғары сапалы шикізат таңдалады. Қажетті шикізат Оңтүстік өңір мен Ресейдан жетеді.  Шығарылған өнімнің 70%-ы Тараз, Шымкент, Қызылорда, Астана және Алматы қалаларына тасымалданады. Зауыт басшысы алдағы уақытта нарыққа жаңа өнім түрін ұсынуды көздеп отыр. Сондай-ақ жұмыс орындарын көбейтіп,  жылдық қуаттылығын арттыру да жоспардағы іс.

Нұркен Жакипов - «Әділет құрылыс LTD» ЖШС зауытының директоры

Су өткізу құбырлары, темірбетон қадалар, тіректер, портал қабырғалары, жиектестар, қоршау және бетон блоктарының барлығы да осы жерден шығады.  Бағасы да қолжетімді. Темірбетон бұйымдарын өндіру үшін компания беріктік пен жоғары сапалы өнімге кепілдік беретін арнайы қоспаларыларды тұтынады. Айта кетейік, бұл кәсіпорын өңірдегі электрлендіру, сумен жабдықтау, құрылыстар мен автожолдар салу үшін пайданылатын құрылыс заттарын өндіретін жалғыз зауыт.

 

Балнұр Жумаділла              

Пікірлер