Газ жоқ: 101 жасқа толатын кейуана суық үйде күн көруде

2483
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы, Талғар ауданының Кеңдала ауылында 100 жастағы әжей суық үйде тұрып жатыр. Жақында 101 жасқа толатын Ұлсүйген Сүтенқызы қызының қолында тұрады. Қызы да жалғызбасты ана, үйіне газ тартуға шамасы келмепті. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы

">31-арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ғасыр жасаған кейуананың бұл жағдайынан жергілікті әкімдік хабарсыз болып шықты. 

Өзі де егде жасқа келіп қалған қызы анасына қолынан келгенше жағдай жасауға тырысады. Алайда қарапайым ғана газдың жоқтығы әжейді тым болмағанда жылы үйде баптауға мүмкіндік бермей отыр.

Қарияның аяқ-қолын жылыту үшін қызы бөтелкеге ыстық су құйып, денесіне басады. Бірақ тастай суық үйде ол судың өзі тез суып қалады, дейді. 

Әжей мекен-жайы бойынша Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылында тіркеуде болған. Ондағы қызының отбасы ковидпен ауырғанда Нұршай Сәрсебаева "өзім бағамын деп" қолына алған. Алты айдан бері жағдайы жақсы еді, күн суығалы мүлдем мазамыз кетті, дейді.

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер