Назарбаев туралы кітап жазған Айткен Қазақстан үкіметінен ақша алған

2906
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан үкіметі бұрынғы британдық саясаткер, жазушы Джонатан Айткенге Нұрсұлтан Назарабаев туралы кітап жазғаны үшін 166 мың фунт стерлинг төлеген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Риа Новостиге сілтеме жасап.

Мәлімет офшордағы құпия келісімдерді әшкерелейтін "Пандора құжаттарында" көрсетілген.

«2010 жылғы сәуірде Джонатан Айткен Вашингтонға Қазақстанның тұңғыш президенті туралы жазған жаңа кітабының тұсаукесеріне ұшып кетті. Өз сөзінде ол бір маңызды сәтті атап өтуді ұмытып кетті. Қазақстан үкіметі үшін жұмыс істеген пиар-компания кітапқа жасырын тапсырыс беріп, ақысын төледі. "Пандора құжаттамасының" мәліметтеріне сәйкес, Айткен өзінің әдеби еңбектері үшін 166 мың фунт алды», - деп жазады газет.

Айта кетейік, бұған дейін Айткен ешқандай ақша алмағанын мәлімдеген еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер