Текесу каналынан өтетін көпір пайдалануға берілді

2594
Adyrna.kz Telegram

Еңбекші ауданындағы апатты деп танылған «Текесу» каналынан өтетін көпір қайта құрылып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді. Қолданыстағы бұл көпір 1993 жылдары салынған. Ұзындығы 10 метр, ені 6 метрді құрайды. Қайта құру жұмыстары демеуші есебінен жүргізілді.

Еске салсақ, осы жылдың шілде айында Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек Жұлдыз тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында «Текесу» каналынан өтетін көпірдің апатты жағдайда екендігі айтылып, тұрғындар көпірді қалпына келтіріп беруді айтқан болатын.
Тұрғындар көтерген мәселені шешу мақсатында аудан әкімі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасовпен бірге аталған көпірдің жағдайын зерделеп, қайта құруға шешім қабылданған болатын. Қазіргі таңда «Текесу» каналынан өтетін апатты көпір қайта құрылып, тұрғындардың өтініші орындалып отыр.
Ендігі кезекте Қарабастау тұрғын алабындағы канал үстінен өтетін көпірді қайта құру жоспарда бар. Аудан әкімі тұрғындардың өтініші басты назарда екенін және барлық жұмыстар халықпен келісіліп атқарылатынын айтуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер