Сіз қандай адамсыз?

2666
Adyrna.kz Telegram

Психологтар адамның бәт-әлпетінен бастап, жүрген-тұрғанына дейін зерттеп, әр әрекетінен түйін шығарып отыратыны белгілі. Бүгінгі кезек адамның телефонды қалай ұстайтынына байланысты мінезін анықтау. Ендеше өзіңізді тексеріңіз.

 

Егер телефонды бір қолға ұстайтын болсаңыз, бұл сіздің сегіз қырлы, быр сырлы жан екеніңізді көрсетеді. Сіз барлығын тап-тұйнақтай етіп жасайсыз. Өзіңізге не ұнайды, не ұнамайды – бірден анықтайсыз. Аз тыңдап, көп сөйлейсіз. Бірақ ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейсіз. Шынайы махаббат пен жалған сезімнің парқын ажырата аласыз. Жан жарыңыз үшін тау қопаруға да дайынсыз.

Телефонды екі қолға ұстап, (пернетақтаны) бас бармақ басатын болсаңыз, ер адамның өзіңізге көңіл бөліп, қамқор болуына мүмкіндік туғызасыз. Денеңізді босаңсасытып, қалыпқа келіп алмай, еш іске кірісе алмайсыз. Өзіңізге не керегін өзгелерге ашық айтуды үйреніңіз және эмоцияға ерік беріңіз.

Телефонды екі қолға ұстап, қос бас бармақпен басып, мәтін теретін болсаңыз, жетістікке күрделі жолмен жетесіз. Ол үшін жаныңызда бағыт-бағдар берер сенімді серігіңіз болуы керек. Сонда ғана өзіңізге сеніп, алға қадам басасыз. Біреу қолдап отырмаса, еш іске мойын бұра алмайсыз. Айналаңыздан қолдау көрмедіңіз екен, бітті. Бәрі кері кетуі мүмкін.

Телефонды бір қолға ұстап, сұқ саусақпен мәтін теретін болсаңыз, сізге тыныш та бірқалыпты өмір тән. Өзгелер әлденеге қол жеткізу үшін барлығын құрбан етуге барсыз. Адам көп жиналған жерден бойыңызды аулақ саласыз. Жаныңыз жай табатын тыныш жерде ұзақ уақыт тұрақтайсыз. Махаббатта да солай, тыныш өмірді таңдайсыз. Тек жақындарыңыздың көз жасын көтере алмайсыз. Жаныңызға кім қандай қаяу салса да, бірден кешіре бересіз.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер