Биыл 45 жобаны жүзеге асыру үшін келісім-шарт жасалды

1637
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте ағымдағы жылы 45 жобаны жүзеге асыру үшін келісім-шарт жасалған. Осы орайда, істің басы қасында жүрген «SHYMKENT» ӘКК инвестор тартуда биылғы жылдың көрсеткіші қуантарлық екенін жеткізді. Көбінде үй құрылсына қызығушылық туындайтын көрінеді.

Дәл қазіргі таңда «Shymkent «ӘКК» жеке инвесторлармен бірлесіп, жалпы сомасы 527,5 млрд.теңгеге 45 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Оның 22 жобасы бойынша жер учаскелеріне құқық берілсе, қалған 23 жоба құқық берілу сатысында екенін басқарма төрағасы Бауыржан Канкин мәлімдеді.

Бауыржан Канкин - «Shymkent «ӘКК» басқарма төрағасы

Еліміздегі үшінші мегаполиске тартылған инвесторлардың көбісі тұрғын үй саласына қызығушылық танытатын көрінеді. Бұл салады жалпы инвестиция сомасы 495 млрд теңге ал, жалпы қуаты 1 769 589 шаршы метр болатын көп қабатты тұрғын үй құрылысының 25 объектісін салу жоспарлануда екен. Көпқабатты тұрғын үй құрылысы саласындағы инвесторлар қатарында ірі компаниялар  бар.

Бауыржан Канкин - «Shymkent «ӘКК» басқарма төрағасы

«Shymkent «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»-мен бірлесіп іске асқан  инвестициялардың жалпы сомасы 387 млрд теңгеден асып отыр екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп, дейді Бауыржан Канкин. Осы орайда, жалпы білім беретін мектептердің құрылысы бойынша жобалар қатары 13 инвестициялық жобаны құрап, жалпы инвестиция сомасы 25,9 млрд.теңге төңірегінде. Жекеменшік әріптестік аясында салынған мектептер қажеттілікті 54 пайызға өтеуге қауқарлы. Биылдың өзінде 1600 оқушының орнын жапты. Ал, 5 жылдан бері Елтай балаларына мектеп керек деп, журналистердің жарғақ құлағы жастыққа тимей жүр. Халық жауаптылардың құрғақ уәдесіне әбден тойған. Енді бұл мәселені әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өз бақылауына алмақ.

Ерлан Қаттабеков - «Shymkent «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары

Ал, денсаулық сақтау саласында инвестиция жалпы сомасы 9,5 млрд теңгеге және жалпы қуаты күніне 3500 адам қабылдайтын 8 денсаулық сақтау нысанының құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

 

Г.Асқарқызы

Пікірлер