Полицей әйел өрттің алдын алып, 4 баланы құтқарды

2811
Adyrna.kz Telegram

Семей қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік аға инспекторы өрттің алдын алып, төрт баланын өмірін құтқарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға кеше “Қарағайлы” тұрғын ауданындағы пәтерлердің бірінде болған.

«Электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алды. Балалардың сыртынан есікті жауып кеткен екен. Мен бірден өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырдым», – деді Динара Ғибадоллақызы.

Полицей өрт иісін сезіп, 3 қабатқа көтерілгенде балалардың жылап, көмекке шақырған дауыстарын естіген. Ол балаларға қауіп-қатердің төніп тұрғанын түсініп, дереу өртке қарсы қызметке қоңырау шалып, сондай-ақ жедел жәрдем бригадасын шақырған. Келіп жеткен өртке қарсы қызмет қызметкерлері есікті бұзып, пәтерден алты жас, төрт жас, екі жас, бес айлық балаларды алып шыққан.

Балалардың зардап шеккені анықталмады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер