Елордада Ескендір Хасанғалиевті еске алу концерті өтті

2702
Adyrna.kz Telegram

Елордадағы «Астана» концерт залында Халық әртісі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған «Сағындым сені» атты концерт өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шара Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрінің ХХІ концерттік маусымының ашылуына орайластырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында Еркеғали Рахмадиева хабарлайды.

Концерт елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақтың белгілі әнші-композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ КСР халық әртісін еске алуға арналған сазды кеште өнерпаздар Ескендір Хасанғалиевтің репертуарындағы әндерді орындады.
Оның жары Дарико Хасанғалиева мен ұлы Біржан Хасанғалиев кештің құрметті қонағы болды.

Осындай жарқын да шынайы концертті ұйымдастырған елорда әкімдігі Ескендір Хасанғалиевтің еңбегін ардақтап келген барша жұртшылыққа ерекше алғысымды білдіремін. Өнер мен шығармашылықты халық бағалағанда көрнекті композитордың есімі өлмейтініне сенімдімін, – дейді халық әртісінің жары Дарико Хасанғалиева.

Композитор халқымыздың ән өнеріне үлкен үлес қосты. Оның авторлық шығармалары көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне көптеген әндер жазды. Сондай-ақ 200-ге жуық ән, романс және хор шығармаларын ұсынды. Қазақ халқының Ескендір Хасанғалиевке деген құрметі қашанда ерекше.

Концертте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, Арайлым Рахымқызы, халықаралық байқаулардың лауреаттары Айдын Жұмабаев, Нұрбол Баламапанов, Парабат Отаразанов Құснадинов Нұролақ Хаженәнді, Мүрбек Мәженәнді, Балапанов, Бақдәулет Жақыпов, Аружан Қойшықара және «Әлем» эстрадалық би ансамблі, Ұлттық ұланның «Өрмет» ротасы өнер көрсетті.

Өнерпаздар талантты сазгердің «Атамекен», «Ескірмеген махаббат», «Әдемі-ау», «Туған жер», «Елім еркем» әндері халық жадында мәңгілік сақталатынын атап өтті.

Шара барлық санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер