Алматыда жезөкшелердің 15 притоны әшкере болды

3430
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жезөкшелікпен айналысуға арналған 15 притон анықталды. Интим қызмет көрсеткен 484 әйелге қатысты әкімшілік шара қолданылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше,  демалыс күндері полиция ақшаға интимдік қызмет көрсететін адамдардың құқыққа қарсы іс-әрекетін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейд өткізді. Соның нәтижесінде Тынышбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінде орналасқан притон анықталды.

- Жыл басынан бері осындай 15 үй-жай анықталды, олардың иелері үйін жезөкшелікпен айналысуға бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар интимдік қызмет көрсететін 484 әйелге қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды. Олардың көбісі қаржыдан қиналғанын айтты. Іс жүзінде бұл кәсіппен алкогольді шектен тыс пайдаланатын және қоғамға жат өмір салтын ұстанатын адамдар жиі айналысады, - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Полицияның хабарлауынша, құқық қорғаушылар күн сайын рейд өткізеді. Құқық бұзушылар арасында Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар да жиі кездеседі. Олар сот шешімімен елден шығарылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер