Шымкентте талантты оқушцларды анықтайтын республикалық байқау өтті

2597
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «Менің кіші Отаным» атты IV республикалық интеллектуалдық байқауының қалалық кезеңі әл-Фараби академиялық мектебі базасында офлайн форматта өтті.

Байқаудың мақсаты туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамыту. Олардың бойында патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен бірге тарих және өлкетану бойынша білімін арттыру.

Оқушылардың арасында өткен байқаудың қалалық кезеңіне 75 мектептен 237 оқушы қатысты. Байқау қазақ және орыс тілдерінде, Қазақстан тарихы пәнінен тест түрінде өткізіліп, ZOOM платформасы арқылы бейнебақылаумен бақыланды және мектеп әкімшіліктеріне тікелей эфирде олимпиада барысын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік жасалынды.

Байқаудың қорытындысы бойынша оқушылардың жұмыстары шифрланып, www.daryn-shymkent.kz веб-сайтына жүктелді.

Шымкент қаласы Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер