Shell LiveWIRE: Қазақстандық кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар жобаларды талқылады

6057
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық кәсіпкерлер Business WIRE Forum онлайн-форумында инновациялық және әлеуметтік-маңызды жобаларды ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Форум ұйымдастырушылары:

Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Шелл Қазақстан компаниясы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Shell LiveWIRE кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған бағдарлама аясында сөз сөйледі.

Форум барысында Shell LiveWIRE - Business Bilim кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламасының нәтижелері айтылды:

Батыс Қазақстан мен Нұр-Сұлтан қаласында 42 бизнес-жоба іске қосылды. Бағдарлама барысында заманауи қазақстандықтар даму үшін таңдайтын: білім, өнер және спорт; киім және тоқыма өндірісі және сату; техникалық және автомобиль қызметтері саласындағы 3 танымал бизнес-бағыт анықталды.

«Шелл Қазақстан» кәсіпкерлікті 2013 жылдан бері ЕҚДБ-мен бірлесіп қолдап келеді, ал Shell LiveWIRE брендімен біз Қазақстан Республикасының аумағында - еліміздің Батыс өңірлерінде және Нұр-Сұлтан қаласында 2018 жылдан бастап жұмыс істейміз.

2013 жылдан бастап осы жобаның аясында біз шамамен 1,5 миллион евроны инвестицияладық. Бағдарламаны іске асыру жылдарында 1700 бенефициар қамтылды, 600 жұмыс орны құрылды, 45 жаңа бизнес ашылды. Shell LiveWIRE бағдарламасының бірегейлігі - бұл ұзақ мерзімді әсер, яғни бізге бір элементке түсетін қатысушылар уақыт өте келе қызығушылық танытып, қосымша тренингтерден өту үшін басқасына ауысады. Ал кейбіреулері тіпті біздің консалтингтік қызметтерге барады", - дейді Шелл Қазақстан корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Айгул Барменкулова.

 

ЕҚДБ Орталық Азия мен Моңғолиядағы ШОБ Қаржыландыру және Даму департаментінің басшысы Хольгер Вефель Қазақстан өңірлеріндегі кәсіпкерлерді қолдау бойынша бастамалардың нәтижелерін атап өтті 

«Өңірлердегі іскерлік белсенділік, атап айтқанда, Батыс Қазақстанда айқын өсіп келеді. Мұны тіпті Business Bilim қатысушылары санының өсуінен де көруге болады. Біз 40 қатысушыдан және 20 финалистен бастағанбыз, ал қазір біздің 100-ден астам қатысушымыз және 50-ге жуық финалисіміз бар. Біз өз тарапымыздан ШОБ қолдау бағдарламасы бойынша ұсынатын өнімдерді жыл сайын кеңейтіп, жетілдіріп отырамыз. Өңірлерді іске қосу үшін бағдарламалар жасаймыз, онда бастаушы және онша ірі емес бизнес әртүрлі салаларға маманданады. Мысалы, осы жылы 1000-ға жуық кәсіпкер әйел микробизнестегі әйелдерге арналған оқудан өтті. Маңыздысы, Business Bilim оқытудағы сияқты бұл оқыту қазақ тілінде қолжетімді болды, бұл өңірлерді тарту үшін қажет».

Business Wire Forum форумының басты тақырыбы – идеядан инновацияны іске асыруға дейін. Спикерлер жобаларының арасында Нұр-Сұлтан қаласындағы психоневрологиялық аурулары бар адамдар жұмыс істейтін Kunde әлеуметтік кафесін атап өтуге болады.

Кафенің негізін қалаушы Маулен Ахметов әлемнің 15 елінен келген 136 қатысушының арасында Шелл «Top Ten Innovators» жаһандық конкурсында «Жергілікті деңгейдегі әл-ауқат» санаты бойынша екінші орын алып, жүлдегер атанды. Орал бизнесмені Бекежан Каиргалиев Нұр-Сұлтан қаласында іске қосу жоспарланған органикалық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының жобасын ұсынды. Бекежан Business Bilim білім беру бағдарламасының бизнес-жобасы қызметінің нәтижелері бойынша ТОП-4 қатысушының қатарына кірді.

Форумның хедлайнерлері Arbuz.kz онлайн-супермаркетінің негізін қалаушы және бас директоры Алексей Ли және Қазақстандағы Glovo бас менеджері Карим Богуспаев болды.

Алексей Ли форум қатысушыларымен Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан ірі онлайн-супермаркеттің АҚШ нарығына экспансиясының жоспарларымен бөлісті.

«E-grocery нарығы соңғы бір-екі жыл ішінде бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда нағыз серпілісті бастан кешуде және бұл тек пандемиямен ғана байланысты емес. Пандемия нарықтың ең ірі тұтыну секторларының бірінің өзгеру процесін ғана тездетті. Ең қызықтысы енді басталады. 5-7 жылдан кейін азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алудың көпшілікке үйреншікті тәсілдері танымастай өзгереді. Біз әлемнің – АҚШ-тың ең үлкен және бәсекеге қабілетті нарығындағы өз үлесіміз үшін күрескіміз келеді. Бұл үлкен мүмкіндік, бұл баға жетпес сараптама және тәжірибе және біз Қазақстанның ұлттық командасының осы жарыста барлық мүмкіндіктері бар деп есептейміз!», - деп түсіндірді Arbuz.kz онлайн-супермаркетінің операциялық директоры Руслан Погорелов баспасөз конференциясы аясында.

Карим Богуспаев халықтың іскерлік белсенділігінің қарқынды дамып келе жатқан бағыты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуынан кейін пайда болған гиг-экономика немесе еркін табыс экономикасы мәселелерін атап өтті:

«Менің ойымша, гиг-экономика нарығы одан әрі дами береді. Бизнестің саны мен көлемінің өсуінен сұраныс та өседі. Мысалы, Gallup мәліметі бойынша АҚШ-тағы жұмыс күшінің шамамен 36%-і гиг-экономикаға қатысушылар болып табылады. Бүкіл әлемдегі басқа елдерді де осыған ұқсас үрдіс күтіп тұр деп ойлаймын. Қазіргі уақытта біздің платформада 5000-нан астам курьерлер тіркелген. Олардың барлығы тәуелсіз контрагент негізінде Glovo-мен серіктестік қарым-қатынастыққа кіреді. Курьерлердің шамамен 40%-і аймақтарда. Glovo сияқты платформалардың арқасында халықтың іскерлік белсенділігі артып келеді деп ойлаймын. Қазіргі кезде курьерлердің табысы 246 000 теңгеден 334 000 теңгеге дейін».

Business Wire Forum Қазақстанның түкпір-түкпірінен кәсіптерін жаңа бастаған кәсіпкерлерді жинады. Форум Business Bilim кәсіпкерлерін қолдау бойынша білім беру жобасының қорытынды оқиғасы болды. Жоба жаңа маусымда жұмысын жалғастырады.

«Шелл» - штаб-пәтері Нидерландының Гаага қаласында орналасқан энергетикалық және мұнай-химия компанияларын біріктіретін халықаралық концерн.

Қазіргі уақытта «Шелл» Қазақстан экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады.

«Шелл» концерні үш жобаға қатысады. Бұл Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) (қатысу үлесі 16.81%), Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (қатысу үлесі – 29.25%) және Каспий құбыр консорциумы (қатысу үлесі – 7.4%).

ShellLiveWIRE жаһандық бағдарламасы ШОБ жас кәсіпкерлеріне өңірлердің экономикалық дамуын ынталандыра отырып, өз жеке бизнесін бастауға көмектеседі.

Бағдарлама қазіргі уақытта әлемнің 18 елінде жұмыс істейді. 1982 жылдан бастап бағдарлама 9,2 миллионнан астам жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетті.

2018 жылдан бастап бағдарлама жергілікті кәсіпорындарға қосымша мүмкіндіктер ұсына отырып, ҚР аумағында жұмысын бастады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер