Тұмауға қарсы екпе егу жоспарланып отыр

744
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте қыркүйек айының 15-нен бастап жыл сайынғы тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілетін болады.

Аталған вакцинациялау жұмыстары өткен жылы 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткен. Күз айларында салынатын тұмауға қарсы екпе короновирус індетін жұқтыру қаупін төмендетуге көмектесе ме?

Жыл сайынғы тұмауға қарсы екпе егу қыркүйек айының 15-інен басталады. Сонымен қатар, 1-сынып оқушыларына манту сынамасы мен БЦЖ туберкулезге қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізіу жоспарланып отыр дейді сала мамандары. Айтуларынша, өткен жылы тұмауға қарсы вакцинаны қала халқының 10 пайызы салдырған екен. Биыл ол көрсеткішті 12%-ға арттыру жоспарланып отыр.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Жыл сайын 15 қыркүйекте басталады. Бұл тұмауға қарсы вакцинация. Биыл 12 пайызға көтерсек деп отырмыз. Бұл короновирустың төмендеуіне әкелетін жолдың бірі».

Тұмауға қарсы вакцинацияны алғандар арасында ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында дифтерия, көкжөтел, сіреспе секілді инфекциялық аурулар тіркелмеген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тегін вакцинациялау үшін ресейден «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынғанын мәлімдеді. Екпені қауіп-қатер тобындағы азаматтар тұрғылықты емханасы бойынша салдыра алады.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:» Тұмауға қарсы вакцина 130 мыңнан астам қала тұрғынына жоспарлап отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес жыл сайын қала бойынша халықтың 10%-дан астамы болуы қажет. Біз 12 пайызға жоспарлап отырмыз».

Сондай-ақ, қалалық білім басқармасының басшысы «оқушыларға ковидке қарсы вакцинация салынбайтынын, әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың жалған екендігін айтты. Кез келген екпе түрі балаға тек ата-ана рұқсатымен салынады, сол себепті алаңдауға еш негіз жоқ дейді. Екпе тұрғындардың қалауымен, ерікті түрде салынатын болады.

Жанат Тәжиева Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы: «Балаларға короновирусқа қарсы вакцина салу үрдісі орын алған жоқ. Бұл кейбір ата-аналар арасында тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, бұл дезинформация».

Сонымен қатар, қаланың бас дәрігері қаладағы эпидахуалдың тұрақталып қалғанын айтады. Қазіргі таңда 1134 азамат стационарда ем қабылдаса, ауруханалардағы төсек орын толымдылығы 45%-ды құрайды. Ал корониовирусқа қарсы екпенің ІІ компонентін толық алғандар саны 375 000.

Гүлдана Дәурен

Пікірлер