Нұр-Сұлтанда ер адам жалға алынған көлікті сатып жіберген

3050
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда полицейлер жалға алған көлігін сатқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Полицейлерге қала тұрғыны өзіне бейтаныс адам алаяқтық жолымен оның көлігін иемденіп алғанын айтып арызданған. Тергеу барысында 29 жастағы азамат екі айға жалға беремін деген желеумен өзінің танысынан ресейлік нөмірі бар «Газель» автокөлігін алып кеткені анықталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ресми сайты.

Ақшаны бір-екі күнде беремін деп, көлік кілтін алып, ізін суытқан. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам тұрғылықты жерінде ұсталды. Ол көлікті сатып үлгергені белгілі болды.

Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматтың елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер