Дін өкілдерінің спартакиадасы мәресіне жетті

1522
Adyrna.kz Telegram

Үшінші мегаполистегі діни конфессия өкілдері арасындағы спорттық сайыс аяқталды. "Аламан" спорт кешенінде өткен жабылу рәсіміне Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Мұрат Жолдықожаев пен Талғат Балтабаев, қалалық спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов, дін істері басқармасының жетекшілері, діни конфессия өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

– Дін өкілдерінің арасындағы спорт сайыстары жылда ұйымдастырылып тұрады. Биылғы ерекшелік – Шымкенттегі жарыстар бір ай бойғы спартакиада түрінде өтті. Келесі жылы да осы дәстүрді жалғастыру жоспарымызда бар, – деді Шымкент қаласының дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақыт Алиякпаров.

Салтанатты жиында спорт жарыстарының жеңімпаздары марапатталды. Атап айтқанда шахматтан Камра Вапаев 1-орынға ие болса, үстел теннисінен Заманай Саматов жеңімпаз атанды. Ал шағын футболдан қалалық орталық Ақмешіттің командасы чемпион атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, дін өкілдері арасындағы спартакиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 18 қазан – Рухани келісім күніне орайластырып өткізілді. Мұндағы мақсат – тұрғындар арасындағы татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын рәсімдеу.

Нурлан Бектаев

Пікірлер