Шымкентте өткен марафонға 2 мыңға жуық адам қатысты

2005
Adyrna.kz Telegram

Үшінші мегаполисте жылдың ең ауқымды спорт бәсекесінің бірі де бірегейі – Шымкент марафоны өтті.
Халықаралық сайыс Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасына сай қала әкімдігінің қолдауымен өтуде. Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі қашықтықта жүгіруде. Жарысқа қатысушыларға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сәттілік тіледі.

– Бүгін Шымкентте үлкен мереке! Спортшыларға барлық қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Сіздерге Мұхтархан Ділдәбеков, Біржан Жақыпов секілді Олимпиада қатысушылары қолдау көрсетуге келіп отыр. Және қолдау көрсеткен қала тұрғындарына алғыс айтамыз. Шымкент марафонына қатысушыларға сәттілік тілейміз! Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың атынан дұғай сәлем! – деді Мақсұт Исахов.

Айта кетейік, дәстүрлі Шымкент марафоны биыл бесінші рет өтуде. Халықаралық жарысты "Royal" және "Қасиет" фитнес-спорт клубтары ұйымдастырып, "Эврика" секілді сауда желілері қолдау көрсетеді. Биылғы сайысқа Қазақстанның түрлі қалаларынан ғана емес, көрші шетелдерден 2000-ға жуық атлет қатысып, олар 5, 10, 21 және 42 шақырымға жүгіруде.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер