Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исаховтың қала жастарымен еркін форматта кездесуі өтті

1795
Adyrna.kz Telegram

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қаратау ауданы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің Қаратау аудандық жастар орталығының коворкинг залында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен қала жастарымен еркін форматта кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев және «Шымкент жастар лигасының» 2 орын иегерлері, оқу орындарының және қаламыздың белсенді жастары қатысты.

Еркін форматтағы кездесу барысында жастармен қала әкімінің орынбасары Махсұт Исахов пен кездесу қонақтары жеке өмірі мен қызығушылықтары жайында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар өзара ашық сұхбат өткізіліп, сұрақ-жауап алмасып, жастарды толғандырып жүрген мәселелері мен алдағы жоспарлары жайында пікір алмасты. Нәтижесінде жастар қызықты сұхбаттан өздеріне рухани азық, қажетті білім мен ақпарат, мотивация алып қайтты.

Іс-шара соңында қатысушылар мен қонақтар естелікке суретке түсті.

Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.

Пікірлер