Шымкентте Текесу каналынан өтетін көпір пайдалануға берілді

2207
Adyrna.kz Telegram
Еңбекші ауданындағы апатты деп танылған «Текесу» каналынан өтетін көпір қайта құрылып, пайдалануға берілді. Қолданыстағы бұл көпір 1993 жылдары салынған. Ұзындығы 10 метр, ені 6 метрді құрайды. Қайта құру жұмыстары демеуші есебінен жүргізілді.
Еске салсақ, осы жылдың шілде айында Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек Жұлдыз тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында «Текесу» каналынан өтетін көпірдің апатты жағдайда екендігі айтылып, тұрғындар көпірді қалпына келтіріп беруді жеткізген еді.
Тұрғындар көтерген мәселені шешу мақсатында аудан әкімі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасовпен бірге аталған көпірдің жағдайын зерделеп, қайта құруға шешім қабылданған болатын. Қазіргі таңда «Текесу» каналынан өтетін апатты көпір қайта құрылып, тұрғындардың өтініші орындалып отыр.
Ендігі кезекте Қарабастау тұрғын алабындағы канал үстінен өтетін көпірді қайта құру жоспарда бар. Аудан әкімі тұрғындардың өтініші басты назарда екенін және барлық жұмыстар халықпен келісіліп атқарылатынын айтуда.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер