Тоғызқұмалақ ойыны Бангладеште

5037
Adyrna.kz Telegram

Көненің көзіндей болған тоғызқұмалақ ойынының 4 мың жылдық тарихы бар. Бұл қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойындарының бірі.

23 қараша күні Бангладеш астанасы Дакка қаласында Этноспорт қауымдастығының ұйымдастыруымен 200 қыздың қатысуымен жарыс өтті.

Тоғызқұмалақ ойынында Хурсида Хатун бірінші орынды, Мориум Актер екінші орынды, Рабея Шанта Ислам үшінші орынды жеңіп алды.

Марапаттау рәсіміне бас қонақ ретінде Түркияның Бангладештегі Елшісі Мұстафа Осман Туран, сонымен қатар бұл шараға Бангладештегі Қазақстанның дәстүрлі ұлттық ойынының негізін қалаушы, Бангладештегі халықаралық этноспорт қауымдастығының бас хатшысы Аль Мамун қатысты.

Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жая берсін!

Қуаныш Жұмабекұлы
PhD докторы
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы

Пікірлер