Шымкентте жас аналарға қолдау көрсетіліп, тегін курстар ұйымдастырылды

1634
Adyrna.kz Telegram
«SHANYRAQ» Отбасы институты орталығында мамыр айынан бастап жас аналарға қолдау көрсету мақсатында массаж жасау бойынша тегін курстар ұйымдастырылды. Сонымен бірге, курста балаларға арналған массаждың ерекшелігі мен бала денсаулына әкелетін пайдасы туралы баяндалып, қыр-сыры түсіндірілді.
Лаура Кұдайбергенова- «Меруерт» оқу орталығының білікті массаж маманы. Ол 25 күн аралығында 10 ананы оқытып, 36 сағаттық курс өткізді. Курстың алғашқы түлектеріне массажист сертификаттары табысталды. Өз сәбилеріне массаж жасауды үйренген қыз-келіншектер сертификат арқылы алдағы уақытта өз кәсібін бастауына да мүмкіндік алады.

-Орталықта аналарды қолдау мақсатында түрлі тегін курстар өткізуді қолға алдық және қысқа уақыт ішінде жетістіктерге жетіп, аналардың алғыстарын алудамыз. Оқу курсынан өткен барлық аналардың өз кәсібін дамытып, жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз», - деді «Shanyraq» орталығының меңгерушісі Абибулла Қалымбет.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер