Жапонияда 1400 гектар орман өртенді

857
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/img_1432.jpeg
Жапонияда 1400 гектар аумақты шарпыған орман өрті боллы, деп хаьарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24KZ-ке сілтеме жасап. Тілсіз жау Иватэ префектурасындағы Офунато қаласына үлкен зиян келтірді. Өрт салдарынан 100-ге жуық үй жанып кетті, мектептер мен балабақшалар жабылды, пойыз қозғалысы тоқтатылды. 500-ге жуық отбасы жарықсыз қалды. Жергілікті билік 4,5 мың тұрғынды қауіпсіз аймақтарға эвакуациялады. Өртті сөндіру және оның салдарын жою үшін премьер-министр кеңсесінде үйлестіру штабы құрылды. Соңғы бір аптада бұл – Офунато қаласында болған үшінші өрт. Биліктің мәліметінше, өрттің жиі шығуына жауын-шашынның аздығы мен қатты жел себеп болып отыр.
Пікірлер